Ауыл шаруашылығы министрі: Қазақстанда бидай тапшылығы жоқ

11 Сәуір 2022, 14:45 2796

Еліміз бойынша астық тапшылығы жоқ. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында хабарлады.

«Қазіргі кезде бірқатар БАҚ беттерінде ұн тартатын зауыттардың жұмысын тоқтатқаны жайлы мәлемет тарап жатыр. Ұнға немесе бидай өніміне тапшылық жоқ. Елімізде жеткілікті мөлшерде астық көлемі бар. Сондықтан да азаматтарды дүрбелең тудырмауға шақырамын»,- деді ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

А. Сапаровтың мәлімдеуінше Қазақстанда жыл сайын 3 миллион тоннадан астам астық өндіріледі, оның жартысын экспортқа жіберіледі.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна астық бар. Бұл көлем ішкі тұтынуды қамтамасыз етіп отырғандықтан, тіпті бір бөлігін экспортқа, оның ішінде ұн түрінде де жіберуге жеткілікті. Эскпортқа өндірілетін көлемнің жартысы ғана жіберіледі. Яғни, өндірілетін ұнның барлығы ішкі нарыққа кетпейтінің ескеру керек,- деді Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрінің сөзінше 7 сәуірдегі жағдай бойынша, еліміздегі ұн қоры 118 мың тоннаны құрайды.

Бөлісу: