Ауыл тұрғындары депутатқа ауыз суға қатысты шағымдарын жеткізді

20 Тамыз, 18:25 440

Алматы облысының Тұрар ауылына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты  Ержан Бейсенбаевқа жергілікті тұрғандар ауыз судың жоқтығын айтып, шағымданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысынан 40 шақырым жерде орналасқан Қарасай ауданының Тұрар ауылы үшін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді.

Белсенділердің айтуынша, жаңа құбыр бірнеше жыл бұрын жүргізілген. Бірақ суды тікелей тұрғын үйлерге жеткізу үшін жаңа мердігер тұрғындардың өздерінен ақша сұраған. Жаз маусымы басталғанда бұл мәселені «Ақ жол» партиясының Алматы филиалының басшысы Мейраш Шынасилов бірнеше мәрте көтерген еді, алайда депутат Ержан Бейсембаевтың сапары аталған мәселенің шешілуіне ықпал етті. Депутаттың айтуынша, барлық үй ауыз суға тегін қол жеткізе алады.

Бұл мәселе мемлекеттің бақылауына алынады. Тұрғындар үшін әкімдікке өтінім беріп, кезекке тұрып, күту қажет болады. Ешкімге ештеңе төлеудің қажеті жоқ – бұл тек уақыт мәселесі, – деді мәжілісмен.

Кездесу барысында Ержан Бейсенбаев одан әрі жөндеуді қажет ететін ауылдық амбулаторияға және жергілікті мектепке барды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: