Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Кеген Мяспром» ет комбинатына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ет комбинатында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталуда. Толық қуаттылыққа шыққан кезде кәсіпорын жылына 3000 тонна ірі және ұсақ қара мал мен жылқы етін өңдеуге, 331,5 тонна шұжық пен 66 тонна ет консервісін өндіруге қабілетті болады. Бұл өндіріс көлемі жергілікті нарық сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді Қазақстанның басқа аймақтарына экспорттауға мүмкіндік береді.
Содан кейін вице-министр «КазМясо» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорын ірі қара мал өсірумен және ет консервілеумен айналысады.
Шаруашылықта ангус тұқымды 3000 бас ірі қара бар. Өндірістің толық циклі жолға қойылған: өз жем-шөп базасынан бастап дайын өнімнің қаптама желілеріне дейін – мәрмәр сиыр етін салқындату түрінде. Компания ірі қараны өсіру, бордақылау және сою бойынша австралиялық технологияны қолданады, сондай-ақ шетелдік кеңесшілерді тартады.
Вице-министр кәсіпорын инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар тапсырма берді. «КазМясо» басшылығы жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар Аманғали Бердалин «Ospanova development» ЖШС-нің балық шаруашылығы кешенін іске асыру барысымен танысты.
2023 жылдың қазан айында үш бассейнге 25,0 мың дана форель және баррамунди шабағын сынақ ретінде жіберу жұмыстары жүргізілді. Алғашқы шабақ партиясы алынған. Биыл мұнда 1000 тонна баррамунди мен форель өсіру жоспарланып отыр, ал 2031 жылға қарай питомниктердің кезең-кезеңімен құрылысы арқылы балық көлемін 10 000 тоннаға дейін арттыру көзделуде.
Қазіргі уақытта объектіде УЗВ өндірістік жүйесінің және әкімшілік-шаруашылық корпусының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде.
Вице-министр құрылыс барысын бағалап, компания құрылтайшыларымен әңгімелесті және Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту мәселелерін түсіндірді. Әр объектіде кеңестер өткізілді.