21.09.2025
15:35
416
Ауыл құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді

Ауыл құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді

Бүгін  Ақмола облысы Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев ауылында жеке тұрғын үй аумағында шаруашылық құрылысы өртенді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға орнына жедел-жәрдем, құтқарушылар және "Ауыл құтқарушылары" күштері жедел келді. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында оттың жақын маңдағы құрылысқа таралуына жол берілмеді. Өрт 10 ш.м. аумақта толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз!