«Ауыл» партиясының сайлауалды штабының басшысы атқарылған жұмыстарын баяндады

3 Қараша 2022, 19:45 1619

Бұл туралы ол телеарнаға берген сұқбатында айтты

«Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев штабының басшысы үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz Atameken телеарнасына сілтеме жасап.

«21 қазан 18.00-ден бүгінге дейін Жигули Дайрабаев 6 аймаққа барды. Олар: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облысы және Шымкент қаласында сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Одан бөлек кандидаттың сенімді өкілдері барлық облыста белсенді жұмыс істеуде. Үгіт-насихат жұмыстары сайлаушылар тізіміне енген 11 миллион 915 мың 903 сайлаушыға бағытталады. Ауылдағы еңбек адамдарының мәселесін назарға алып, басымдық етеміз. 
Халық кездесулерге белсенді қатысып, ортақ мәселелерін ашық айтуда. Оларды жалқаның төмендігі, азық-түліктің қымбатшылығы, судың сапасы және тағы басқа мәселелер алаңдатады. Біз президенттік сайлауға 2019 жылы дайындықты бастадық», – дейді партияның сайлауалды штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков.

Нұрлат Байгенже
Бөлісу: