«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмысын жүргізуде

19 Ақпан 2023, 14:05 2413

Бұл туралы штабтың баспасөз қызметі мәлімдеді

«Ауыл» партиясының үгіт-насихат жұмысы республика кооперативтердің слетінен басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Тараз қаласында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Ауыл төрге шықсын!» атты ауыл тұрғындары мен кооперативтерінің республикалық слеті өтті. Жиынға партия төрағасы Әли Бектаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттар, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен ауыл тұрғындары қатысты.

««Ауыл» партиясының Парламент Мәжілісі төріндегі алғашқы бастамасы ауыл шаруашылығы өнімін, шикізатын, азық-түлік тауарларын өндірушілер мен бастапқы және терең қайта өңдеу кәсіпорындары үшін салықтардың барлық түрін толық жою болады. Сондай ақ фермерлер мен кооперативтерді ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мәселесі алаңдатпауы тиіс. Сондықтан партия бірінші кезекте квазимемлекеттік сектор ұйымдары тарапынан кепілді сатып алу және өткізу жүйесін құруға қол жеткізеді», - деді Ә. Бектаев.

Жиын соңында ауыл ақсақалдары қазақтың киелі қарашаңырағы – киіз үйінде кандидаттарды жинап,  олардың саяси додада мәреге шашасына шаң жұқпай жетулеріне тілеулестік білдіріп, баталарын берді.  

EL.KZ
Бөлісу: