Министрліктің мәліметіне қарағанда, Есіл Мәдениет үйінің меңгерушісі Любовь Калашникова басқарып отырған нысанның жағдайына шағымданған. Оның айтуынша, 1992 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Осындай жұмыстарды Звезда, Озерное, Садовое және Бетпақ ауылдарының Мәдениет үйлерінде де жүргізу керек.
Министр Озерное, Садовое және Бетпақ ауылдарындағы нысандарды күрделі жөндеуге «Ауыл – Ел Бесігі» аясында жалпы 394,4 млн теңгеге өтінім жіберілгенін атап өтті. Бұл мәселе Республикалық бюджеттік комиссиясының отырысында қаралатын болады. Қалған нысандар бойынша әкімдік тарапынан қажетті құжаттар жолданған жағдайда қосымша қаралатын болады.
Осакаровка кентінің тұрғыны бассейн құрылысының жобасын қолдауды сұрады. Спорт нысанының құрылысы ауыл балаларына жүзуді үйретуге мүмкіндік береді, бұл судағы жазатайым оқиғалардың қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Ә.Қуантыров бұл бастаманы қолдап, мәселе келесі жылы облыстық әкімдіктен бюджеттік өтінім түскеннен кейін міндетті түрде қарастырылатынын айтты.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары Осакаровка-Есіл-Тельман облыстық маңызы бар автожолындағы көпірді жөндеу, Николаевкада сумен жабдықтау желілерін қайта құру, Осакаровкада газ құбырын жүргізу, сондай-ақ Қарағайлы ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктті салу мәселелерін көтерді.
ҰЭМ басшысы аталған мәселелерді шешуге көмектесуге және ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тиісті ведомстволарға жолдауға уәде берді.
Қарағанды облысында 349 ауылдық елді мекен бар. 2019-2021 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 45 ауылда жалпы сомасы 11,3 млрд теңгені құрайтын 130 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы 21 ауылда 42 жобаны іске асыруға 3,8 млрд теңге бөлінді.