Астанадағы EXPO орталығында автокомпоненттер мен сервис саласындағы аймақтағы ең ірі халықаралық көрме - мерейтойлық 10-шы Automechanika Astana басталды. Биылғы шара өзінің бүкіл тарихындағы ең ауқымды көрсеткішке жетіп, әлемнің 23 елінен 400-ден астам жетекші компанияның басын қосты. Халықаралық лицензиямен өтіп жатқан жоба аясында Қытай, Өзбекстан және Иран мемлекеттері өздерінің жеке ұлттық павильондарын құрған. Бұл алаң отандық кәсіпкерлер үшін шетелге шықпай-ақ тікелей халықаралық нарықпен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.