Әлемдік рейтингте 14-орында тұрған спортшы маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті. Жұп жарысқа жетінші нөмірлі сеяный ретінде қатысты.
Финалда Данилина мен Крунич төртінші нөмірлі сеяный болған бельгиялық Элизе Мертенс пен қытайлық Чжан Шуаймен кездесті.
Шешуші матч ең аз дегенде екі сетке созылды, оның алғашқысы тай-брейкпен аяқталды. Қорытынды есеп – 7:6 (7:4), 6:4 есебімен Мертенс пен Чжанның пайдасына шешілді.
Теннисшілер кортта 1 сағат 48 минут өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Данилина мен Крунич эйс жасаған жоқ, үш рет қос қателікке жол беріп, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Мертенс пен Чжан үшін бұл – жұптасып жеңіп алған алғашқы титул. Бұған дейін олар басқа серіктестерімен бірге «Үлкен дулыға» турнирлерінде жеңіске жеткен.
Мельбурндегі жеңіс Мертенске жұптық сында әлемдік рейтингтің көшін бастауға мүмкіндік береді. Ал Чжан 15-орыннан жетінші сатыға көтеріледі.
Данилина да WTA рейтингіндегі орнын жақсартып, 11-сатыға көтеріледі. Крунич 17-орыннан 13-орынға жоғарылап, бұл оның жеке рекордына айналады.
Қазақстандық теннисші Australian Open турниріндегі ең үздік нәтижесін қайталады. Бұған дейін ол 2022 жылы бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен бірге финалға дейін жеткен, алайда сол жолы да жеңіліс тапқан еді.
Әзірге Данилина әйелдер жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінде чемпион атанған жоқ. 2023 жылы ол финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге US Open турнирінің аралас жұптық сынында жеңіске жеткен.