Мемлекеттік құпияны шетелге таратқан экс-шенеунік сотталды

7 Қазан 2022, 13:46 1402

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді

ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары М. Шайхутдиновке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекетке опасыздық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтады.

2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. Шайхутдиновті (Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (ҚК-нің 176-бабы – тыңшылық) кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Арнайы іс-шаралар кешенінің басқа да кезеңдерін іске асыруды ескере отырып, шет елдік арнаулы қызметтердің қай елге тиесілі екені және қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер жария етуге жатпайды», - делінген ҚР ҰҚК мәліметінде.

Бөлісу: