Ауғанстанда жер сілкінді

11 Мамыр 2023, 10:15 818

Алматы уақытымен таңғы сағат 06:21-де Ауғанстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 5,0. Тереңдігі - 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.

Равиль Ашығали
Бөлісу: