Ауғанстанда саудамен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі – Ауғанстан министрі

3 Тамыз 2023, 11:42 1293

Ауғанстан Ислам Әмірлігінің өнеркәсіп және сауда министрі Альхаджи Нуруддина Азизи Ауғанстанда кәсіп жасайтын қазақстандық кәсіпкерлердің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілетінін айтты. Сондай-ақ ол бизнес үшін бар жағдайды жасаймыз деп отыр.  

Ауғанстан Ислам Әмірлігі Ауғанстан ішінде құруға және шетелдік инвесторларға, әсіресе Қазақстан Республикасынан келген кәсіпкерлерге қажетті жағдай жасауға дайын. Ұлттық қауіпсіздік, процестерді жеңілдету, әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жою және мемлекеттік істердегі ашықтық елдегі бизнестің өсуіне әкелді. Өткен жылы еліміздің экспортының көлемі алғаш рет 120 пайызға өсті, - деді ол. 

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар ол сауда және транзит саласындағы екіжақты және көпжақты қатынастарды шоғырландыру және дамыту мақсатында Ауғанстанның сауда серіктестерімен, оның ішінде Өзбекстанмен, Иранмен, Ресеймен, Қытаймен, Пәкістанмен және басқа елдермен келіссөздер жүргізіліп, базалық уағдаластықтар жасалғанын мәлімдеді. 

Соңғы уақытта жүздеген шетелдік инвестор Ауғанстанның әртүрлі секторларына инвестиция салуға қызығушылық танытты. Жұмысқа рұқсат алды және өз қызметін бастау үшін әртүрлі Ауғанстан ведомстволарымен байланыста болды. Ауғанстан Ислам Әмірлігі жеке секторға мүмкіндік беру үшін көптеген салықтық жеңілдік беруді қарастырды. Мен шын жүректен құрметті инвесторлардан Ауғанстанға толық сеніммен инвестиция салуды сұраймын және шақырамын, - деді ол. 

Ол сондай-ақ Қазақстаннан ұн экспортында жеңілдік жасауды сұрады. 

Ауғанстанның халқы мен жеке секторын қолдау мақсатында Қазақстаннан Ауғанстанға импортталатын бидай мен ұн бағасына арнайы жеңілдіктер беруді сұраймыз, - деді ол.

Бұған дейін Серік Жұманғарин Ауғанстанмен тауар айналымының 90% қазақстандық экспортқа тиесілі екенін айтқан

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: