Ауғанстанда автобустағы жарылыстан қайтыс болғандар саны артты

8 Қаңтар, 05:15 933

Ауғанстан астанасы Кабулда автобустағы жарылыстан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

TOLO News телеарнасының мәліметінше, жарақат алғандар саны да артқан.

Автобусқа қойылған жарылғыш заттың іске қосылуынан бес отандасымыз көз жұмды, – деп мәлімдеді телеарна.

Бұған дейін жарылыс екі адамның өмірін жалмағаны туралы ақпарат тараған.

Перизат Саденова
Бөлісу: