27.08.2025
16:48
456
Ауғанстанда автобус аударылып, 25 адам қаза тапты

Ауғанстанда автобус аударылып, 25 адам қаза тапты

Al Arabiya басылымының мәліметінше, Ауғанстанда жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға таңертең Кабулдың Арганди ауданында болған. Автобус Ауғанстанның оңтүстігінен, атап айтқанда, Гильменд пен Кандагардан шыққан жолаушыларды тасымалдап келе жатқан.

Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Матин Каниның айтуынша, апатқа жүргізушінің абайсыздығы себеп болған. Жол-көлік оқиғасынан 27 адам жарақат алды.

Айта кетсек, бұл қайғылы жағдай Герат уәлаятындағы апаттан кейін бір апта өтпей орын алды. Ол жол апатында шамамен 80 адам қаза тапқан еді.