«Астана LRT» тұрақты жолаушылар тасымалы 16–17 мамырда іске қосылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.
CTS компаниясы журналистерге экскурсия ұйымдастырып, жеңіл рельсті көлік жүйесінің жұмысын таныстырды. Жиын барысында компаниябасшысы Асылбек Дүйсебаев демалыс күндері LRT іске қосылатынын айтты.
Қазір LRT стансаларында соңғы дайындық кезеңі жүріп жатыр. Елордада пойыздарды сынақтан өткізу, қауіпсіздік жүйелерін тексеру және инфрақұрылымды баптау жұмыстары жалғасады.
Сынақ кезеңі былтыр 29 қыркүйекте басталды. Әуелде сынақ мерзімі 6 айға созылатыны хабарланғанымен, жалпы 8 айдан астам уақыт болды. CTS компаниясы пойыздар 40-50 км/сағ жылдамдықпен жүретінін, «Нұрлы жол» станциясынан әуежайға дейінгі жол шамамен 40 минутты алатынын мәлімдеген-ді. Ал қозғалыс аралығы учаскеге байланысты 5-10 минут болатыны хабарланды.
LRT бағыты елорданың негізгі нүктелерін байланыстырады. Желінің бастапқы нүктесі – халықаралық әуежай. Мұнда пойыздарға қызмет көрсетуге арналған депо салынған. Ал соңғы нүктесі – «Нұрлы жол» вокзалы. Барлығы 18 станция бар. Олар қаланың негізгі іскерлік орталықтары мен тұрғын-үй аудандарын қамтиды. LRT жолақы картасының бағасы – 1000 тг. Жол ақысы – 200 теңге. Пойыз таңғы сағат 06:00-дан кешкі сағат 23:00-ге дейін қатынайды.
«Астана LRT» станциялары:
Алда қала билігі желіні Қосшы қаласына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Жобаның екінші кезеңіне дайындық басталып кетті. Жуырда жаңа эстакада учаскесіне алғашқы темірбетон арқалық құйылды.