24.09.2024
12:05
754

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымын атқарған Нұртас Дәулетұлы Қабақов қызметінен босатылды.