Су байланысты әуе күштері 1660 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды.
Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды.
Қазіргі уақытта 1660 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды. 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.