"Аударма "шабашка" деңгейінде тұр" | PodcastTime

22 Тамыз 2023, 17:00 2613

Бүгінде әлемдік әдеби туындыларды қазақшалау мәселесі маңызды да мазасыз шаруа боп тұр. Маңыздылығы анық, мәселесі көп бұл саланың тұсалып тұрған тұсы көп дейді мамандар. Ең басты мәселе - мемлекет тарапынан көңіл мен қаржының аз бөлінуі. "Аудармашының еңбегін еш кетірер қаламақыға бола ешкім көз майын тауысқысы келмейді" деген аудармашылар, өздеріне ресми статус берілуін сұрайды. Сапалы аудармаға қол жеткізу үшін сансыз уақыт сарп ету керек және ол еңбек еленуі керек. Сол кезде ғана аударма мәселесі "ауырмай" қазақ әдебиеті классикалық шығармалармен толыға түспек.

EL.KZ
Бөлісу: