14.08.2025
18:48
565
Ауаның ластануынан бір жылда 35 мың адам көз жұмды

Ауаның ластануынан бір жылда 35 мың адам көз жұмды

Иранда соңғы бір жыл ішінде 35 000 адам ауаның ластануынан қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл деректі Шахид Бехешти атындағы медицина университеті жанындағы Ауа сапасы мен климаттың өзгеруін зерттеу орталығы директорының орынбасары Аббас Шахсевани жария етті. 

Маманның айтуынша, ауаның ластануымен байланысты өлім-жітімнің ел экономикасына тигізген залалы шамамен 14 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ауаның ластануы Ирандағы өлімге алып келетін қауіп-қатерлердің ішінде екінші орында тұр. Бірінші орында — жоғары қан қысымы. Ең сорақысы, ауаның ластануынан болатын өлім-жітім көрсеткіші шылым шегуге қатысты өлім деңгейінен де жоғары.

Экологтар мен денсаулық сақтау сарапшылары бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет екенін ескертуде. Қазіргі таңда Иран билігі экологиялық жағдайды жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдауға шақырылуда.