Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14 Маусым 2022, 18:38 1180

Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz

15 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі, ал күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с деп күтіледі. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таңертең және күндіз 15 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20, облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с. Шығыс Қазақстан облысында орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде батыста, солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады деген болжам бар. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ жауады.

Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Бөлісу: