Ауа райының басты демеушісі - жан-жануарлар...

3 Қазан 2018, 11:29 13031

Қaзaқ хaлқының жaн-жaнуaрлaр aрқылы aуa рaйын бoлжaуы

Бiздiң хaлық көшпeлi өмiр сүру мәдeниeтiн ұстaнғaндықтaн aуa рaйынa қaтты мән бeргeн. Жүгiргeн aңның iзiнeн,  ұшқaн құстың биiктiгiнe қaрaп-aқ көп дүниeнi бoлжaғaн. Сoның iшiндe  қoлдaрындaғы төрт түлiк мaлғa қaтысты бoлжaмдaры өте  көп. 

Қaзaқ хaлқы жылқы мaлынa eрeкшe көңiл бөлгeн. Жaнуaр бaсқa мaлдaрғa қaрaғaндa  сeргeк бoлaды.  Сoндықтaн дa жылқының әрбiр қылығы мeн қимылынa қaрaп aуa рaйын aлдын aлa бoлжaй aлғaн.

Жылқы тoптaсa шaуып, кiсiнeсiп oйнaқтaй бастаса кeшiкпeй күн суытып, ызғaр жел, бoрaн  сoғып нe бoлмaсa жaуын жaуaды дeп eсeптeгeн. Eгeр, жылқылaрдың жүнi үрпиiп, көздeрi сaлыңқы бoлып,  жaйылуғa зaуқы бoлмaсa, oндa бiрaздaн кeйiн күн суытып, aуa-рaйының бұзылуынa дaйындaлa бeрiңiз.

Aстыңыздaғы aтыңыз  әлсiн–әлсiн пысқырсa, жaздa жeл күшeйiп жaуын жaуaды дeгeн сөз, aл қыстa қaр жaуып, қaрлы бoрaсын бoлaды дeп бoлжaнaды. Жылқы ыққa жaйылсa, өздeрiңiз сeзiп oтырғaндaй ызғырық жeл, нөсeр жaуын, қaрлы бoрaсындaр, бoлaды. Aйғыр үйiрiн мoйынын жeргe сaлып жинaсa, aуa рaйының бұзылуынa дaйындaлa бeрiңiз.

 Жылқы мaлы қысқы күндері немесе көктемде кез-келген жаққа қарап жайыла берсе, алда жаймашуақ күндер күтіп тұр. Сауынды биенің сүті кенет азайып кетсе жаңбыр жауатындығын білдірген. Соғым сойған кезде сойыс  жылқының бауыр қылшығы ұзын болса, сол жылғы қыста қар көп жауып, қалың болады дегенді білдірген.  Жылқы малы ішін әлсін-әлсін тарта берсе ауа райы бұзылады деп есептелінген. Қыстың күні жылқы оқыранып, ернін жыбырлатса көп кешікпей күн жылып, қар суын ішетіндігін білдіреді деседі.

Қaзaқ үшін жылқыдан кейінгі қолға ұстауға ыңғайлы малдардың бірі қой болып есептелінген. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөзді тегін айтпаған. Қойға қарап ауа райын болжау белгілеріне назар аударайық. Қой мазасызданып, астындағы қиын тұяғымен шұқылай бастаса қарлы борасын болатындығын білдірген. Таңертең желдің бағытына қарап, мамыражай күйде күйсеп жатса, ауа райының жақсы болатындығының белгісі. Қой көп түшкірініп-пысқырына бастаса – бұл жауын-шашынның белгісі. Кешкілік мезгілде қой аузына шөп тістеп кірсе, онда ол жылғы қыстың қатты болмағының белгісі. Қыстың бастапқы күндері қой қорадан шығып, қора маңайында өз еркімен жатар болса,  онда ол бұл жылғы қыстың жайлы болуының белгісі. Тіпті, үлкендер бұны жұттың белгісіне де балаған. Жайылымдағы қой тұяғымен төсін қаси берсе, алдағы қыста қардың қалың болатындығын білдірген.  Күзге салым қозылар енелерінен бөлініп, отардан жиі қалғыштай бастаса қыстың қатты болмағы, ал, қозылар отар қойдың алдына шығып, оңды-солды ойнақтай бастаса қыстың жайлы болмағы деген болжамдар бар.

Қазақ халқы ешкі малын  жайсыз ауа райына төзімсіз мал ретінде санап, ешкілердің әрекетіне қарап та көп дүниені болжаған. Ешкілер әдетінен жаңылып, тастың, үйілген тезектің биігіне шығудың орнына, ығына тұрып алатын болса, көп күттірмей жауын-шашынның болатындығы деп болжаған. Кешкі мезгілде ешкі малы қораға қарай асықса, түннің салқын болуының белгісі. Ешкілер құйрығын шыбжыңдатып, көлеңке іздесе – күннің ыстық әрі шыбынды болмағы.

Біздің бабаларымыз сиырға қарап та болжам жасаған. Таңғы мезгілде сиырлар желге бетін беріп, маңғаздана күйсеп жатса сол күні жауын-шашынсыз, тымық күн болады. Күн бұзылардың алдында сиыр малы өрістен өз еркімен ерте қайтатын болған. Жаңбыр жауып тұрған кезде бұқа мөңіреп, өкіріп жүрсе көп ұзамай аспанның ашылатындығының белгісі.  Сауын сиырлар бұзауларына қарағыштап, қайта-қайта мөңіресе, көп кешікпей жаңбыр жауады деп есептелінген.

Қазақ үшін түйенің де маңызы зор болған. Түйе бойына сеніп жылдан құр қалғанымен біздің халқымыз үшін ауа райын болжап беру қасиеттерінен кенде емес. Үлкендер түйелердің сезгіштік қасиеті ауа райының құбылуынан екі-үш күн ерте білінеді дейтін. Тайлақ, боталардан бөлек үлкен түйелер, атандар тайраңдар болса, бұл күннің суытатындығын білдіреді. «Атан түйе ойнақтаса жұт болар» деген мақал бізге тегін келмегендей. Егерде, түйе малы қыста ернін жыбырлата берсе, көктемнің ерте шығатындығының белгісі деп біліңіз. Түйеңіз ши немесе бұта түбінде төмен қарап шөгіп жатса, бұл жаз болса жауын, қыс болса боран болатындығының белгісі.

Біз кейде әлдебір кітапты оқып отырып, болмаса танымдық бағдарламаны көріп отырып «Оу, мұны біздің қазекем баяғыда білген ғой» деп кісімси қаламыз. Адамның рухани болмысы расымен де  табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы қалыптасады. Түз тағысының табиғатқа қолдағы жануарларға қарағанда жақын жүретіндігі белгілі. Ата-бабамыз жабайы жан-жануарлардың әрекетін зерделеп, сол жануарлардың құпия сырларына мән беріп, өздерінше қорытынды тұжырым жасаған екен.

Бізде  «Тaсбaқa дaуылы» дeгeн ұғым бaр. Қазақ  тaсбaқaны киeлi дeп есептеп, тасбақаның киeсiнeн қатты  қoрыққaн. Тaсбaқa – қыста ұйқыға кететін жаратылыс иесі. Көктемде, сәуір айында тасбақалар ұйқыларынан оянып, жер бетіне шығады. Дәл осы аралықта ауа райы өзгереді. Бұл мезгілдерде қатты дауыл, ызғар жел соғады. «Тасбақа дауылы» дегеніміз осы. Мұның сыры мынада екен. Ұзақ ұйқыдан оянған тасбақаның бойынан әл кетеді. Тасбақа сауытының үстіне үйілген топырақ, құмдарды осы дауыл үрлеп түсіріп,  тасбақаның ұйқысынан оянуына, өз бетінше жүре алуына септігін тигізеді деп тұжырым жасаған.

Бізге қыс болғандықтан ауа райының сырмалатуы, боран соғуы заңдылық секілді көрінеді ғой.  Бабаларымыз бұл табиғи құбылыстардың әр қайсысына аса қатты мән берген. Қазақта «Бөрі сырғақ» деген ұғым бар. 15-17 ақпан аралығында күн бұзылып, сырма жүреді. Дәп осы мезгілде қасқырлар жұптасады екен.  Мінекей, осындай құбылысты бақылаған дана халық бұл мезгілді «Бөрі сырғақ» деп атаған.

«Құмалақ қарға батты. Енді, жаз шығады» деген сөздерді үлкендерден талай мәрте естідім. Сөйтсем, оның мәні мынада екен. Наурыздың 14 жұлдызында (ескіше жыл санау бойынша бұл бірінші наурыз болып есептелінеді) қойдың құмалағын күншуақтағы  қардың бетіне қойып қоясыз. Егер, кешке қарай әлгі құмалағыңыз қарға тереңдей кіріп кетсе, онда қыстың аяқталуы жақын. Ал, құмалақ қарға түспесе қыс аяғының созылатындығының белгісі.

Газет беттерінен, көлдей мақалалардан «Құс қанат ғұмыр» сынды мақалаларды талай оқыдық. Осы жердегі «Құс қанаты» дегеніміз не? Әрине, бұл жыл құстарының жылы жақтан келу-кетуін меңзеп тұрғаны анық.  Көктем мезгіліндегі  «Құс қанаты» наурыз айының соңғы аптасына сәйкес келеді.  Біздің өлкеге ең алғаш келетін құстар қараторғайлар. Құстардың сусылдаған қанатының әсерінен күн суынып, қар жауады деп есептеген.  Қазақтар мұны сол жылдың соңғы қары деп есептеген екен.

Баяғыда, бала кезімізде мамыр айында күн ыси бастағанда өзенге түскіміз келетін. Сол кезде үлкендер «Құралай әлі туған жоқ. Күн күркіремей өзенге түсуге болмайды» деп тиып тастап отыратын. «Құралай салқыны» деген ұғымға тоқтала кетсек. Мамырдың 17-25 аралығында ақ бөкендердің, киіктердің  жаппай лақтайтын мезгілі.  Осы аралықта ептеп күн салқындап, жауын жауады. Ұшы-қиыры жоқ маң далада киіктер қанша көп болса да осы аралықта барлығы жаппай лақтап болады екен. Ал, киік лақтаған кезде жаңбырдың жаууын үлкендер «Киік деген жануар өте кірпияз, тәкаппар жануар. Ол қой-ешкі секілді жаңа туған лақтарын жалап, жуындырып алмайды. Мұны табиғат ананың өзі реттеп береді» деп түсіндіретін. Не десек те салқын мезгілде туған төлдер ширығып, қатал табиғатқа төзімді болып өсетіні анық.

«Құралайдың салқыны» жайлы айтқаннан кейін «Теке бұрқылына» соқпай кете алмаймыз. Өздеріңіз сезіп отырғандарыңыздай бұл жануарлардың жұптасу кезіне байланысты айтылған ұғым.  Бұл шамамен желтоқсан айының соңғы он күндігіне келеді.Кей аймақтарда «Теке бұрқақ» деп те атайды екен. Осы аралықта да күн райы бұзылып, ат құлағы көрінбес боран болып тұрады.

Мінекей, біздің халықтың жан-жануарлардың тіршілігіне қарап ауа райын болжауы осындай болған екен. Көшпенді ел бұдан бөлек, аспан денелеріне қарап та көп дүниені айқындай білген деседі. Ал, сіз осы болжамдарды өміріңізде қолданып көрдіңіз бе?

Бөлісу: