Ауа райының бұзылуына байланысты барлық өңірде ескерту жарияланды

21 Мамыр 2023, 05:22 1577

21 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» ЖШС жасаған болжамға сәйкес, бірнеше өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде өңірдің солтүстік-батысы мен орталығында, күндіз орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с құрайды.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды.

Абай облысының Бескарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында найзағай болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Берік Арманов
Бөлісу: