11.12.2022
01:33
1290
Ауа райына байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды

Ауа райына байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды

«Екатеринбург-Алматы» күре жолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Сағат 22.00-ден бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар автожолының Қарағанды қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік құралдары (дизельді автокөлік) үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жолда штаттан тыс жағдай туындаса 1403 байланыс орталығына хабарласу қажеттігі ескертілді.