Ауа райына байланысты Абай облысында барлық жол жабылды

29 Қараша 2022, 18:29 957

Бұл туралы ТЖД мәлім етті

Абай облысында бүгін кешкі сағат 19.00-ден бастап облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскесіне шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Сағат 19.00-ден бастап ауа температурасының минус 30 С градустан төмен түсуіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруіне байланысты облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскелері бойынша жеңіл, қоғамдық және тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін, сондай-ақ дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: