7 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты 3 өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, желдің күші 20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.