07.03.2023
17:37
1350
Ауа райына байланысты 3 облыста жол жабық

Ауа райына байланысты 3 облыста жол жабық

7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа-райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды.

Республикалық автожолдарды күтіп-ұстау үшін 400 бірлік жол - пайдалану техникасы мен 500 қызметкер жұмылдырылды.