12 наурыз сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысындағы республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ салдарынан жалпы ұзындығы 377 км құрайтын 1 автожол : «Самара-Шымкент» - Ақтөбе қаласы - Ырғыз кенті аралығында жүк және қоғамдық көлік үшін шектеу енгізілді.
Ал Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол: «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатон-Қарағай - Рахман қайнарлары» - Ушановское ауылы - Алтай қ. аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу қойылды.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 276 техника және 294 жолшы жұмылдырылған.