24.02.2023
19:43
1144
Ауа райына байланысты 16 жол учаскесі жабық тұр

Ауа райына байланысты 16 жол учаскесі жабық тұр

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тасжолдар жабық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Сондай-ақ республикалық маңыздағы 7 тасжолда қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.

Ақмола облысында «Астана-Петропавл» тасжолының Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі аралығында және Астана-Щучье бағытында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.

Сонымен қатар,«Екатеринбург-Алматы» тасжолының Атбасар-Астраханка бағыты ашылды.

Көкшетау қаласынан Зеренді ауылына дейінгі тасжол да ашық.

СҚО бойынша «Астана-Петропавл» тасжолының Ақмола облысы шекарасы-Келлеровка ауылы бағыты ашық тұр.

Сонымен бірге «Жезқазған-Петропавл» тасжолында көлік қозғалысы жанданды.

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан М-32 және А-26 бағыты ашық.