12.12.2024
13:45
2959

Атышулы трансгендер қамауға алынды

Бірнеше күн бұрын атышулы трансгендер Амилай жігіттермен төбелесіп қалған видеосы тараған еді. Ол ұсақ бұзақылық үшін істі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 желтоқсанда Алматыдағы Абай-Әуезов кешелерінің қиылысында болған оқиғаға қатысты полиция департаменті тергеу жүргізіп, ұсақ бұзақылық үшін іс қозғады.

Сотта трансгендер кінәсін мойындап, болған оқиғаға өкінетінін жеткізді. Нәтижесінде ол жеті тәулікке қамауға алынды.