Үндістаннан келген азамат жоғалған паспортын 6 сағатта тауып берген атыраулық полицейлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz Polisa.kz-ке сілтеме жасап.
"Біз Баку арқылы Ақтау қаласына, кейін Атырау қаласына ұшып келгенбіз. "Көктем" сауда орталығында болдық, кейін таксиге отырдым. Сол аралықта паспортымды жоғалтып алғанымды үйге келгенде білдім. Бүгін полицияға келіп арыздандым. Олар алты сағаттың ішінде бейнекамералар арқылы паспортымды тауып берді. Өте қуаныштымын. Қазақстандағы полицияның кәсібилігін айтқым келеді. Рақметтен басқа айтарым жоқ", - деді Сингх Гурвиндер.