Атырауға үш облыстан 195 бірлік техника жұмылдырылды

17 Сәуір, 10:00 700

Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шараларға еліміздің басқа облыстарынан техника тартылды. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бөгеттерді нығайту, қорғаныс үйінділерін салу және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға Қазақстанның үш облысынан 195 бірлік техника жұмылдырылған.

Облысқа жергілікті техникадан бөлек арнайы техникалар келді:

- Маңғыстау облысынан – 17 бірлік,
- Оңтүстік Қазақстан облысынан – 123 бірлік,
- Жамбылдан - 55 бірлік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: