Атыраудың экс-әкімі ұсталды

10 Қараша 2023, 11:45 1164

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды. Ол облыстық прокуратура қызметкерлері жер қатынастары саласына қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір экс-әкім уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары аралығында мұнайлы астананы басқарды. Ол 2021 жылдың 30 желтоқсаннан бері "денсаулығына байланысты" демалыста болған. Кейін шенеунік елдегі соңғы жағдайларға байланысты жұмыстау кету туралы өтінішті өзі берген. 

Қызметтен кеткеннен соң, Қайрат Оразбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жұмысы туралы жазба қалдырған. 

Осы екі жыл ішінде қала бюджеті өте төмен болып, жұмысты жолға қоюға айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте, осыған дейін жасалған құрылыс нысандары және инфрақұрылым сапасы шынайы сын көтермеді. Осыған орай, қалалық әкімдіктің ұжымы жоғары деңгейде қызмет етті. Кейде мүмкін емес жұмыстарды да атқарды – деген жауап жазды сол кезде экс-әкім өзінің әлеуметтік парақшасында.

Равиль Ашығали
Бөлісу: