Атырауды көк түтін басты

3 Сәуір 2023, 16:05 1343

Атырауды түтін тұмшалап тұр. Қаладан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жанған қамыстың жалпы аумағы 89,5 гектарға жетті. Кеше  82,5 га аумақтағы өртті Төтенше жағдайлар департаментінің және «Ақжайық» МТР қызметкерлері сөндірді. Желдің екпінінің қатты болуына және жердің батпақты болуына байланысты автокөліктерге жол жоқ болғандықтан қамыс өртін сөндіру жұмыстары қиындық тудырғанын атап өткен жөн, - делінген хабарламада.

Бүгін теңіз жағалауындағы қамыс өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 38 қызметкер, 4 техника, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 30 адам, 9 техника, 2 қайық, 4 мотопомпа тартылған.

EL.KZ
Бөлісу: