Атыраудағы Жем өзенінің деңгейі 15 см төмендеді

13 Сәуір, 00:21 565

Атырау облысындағы Жылыой ауданында Жем өзенінің тәулік ішінде 15 см төмендегені байқалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқыны басталғалы бері Жем өзені 107 см төмендеген. Жалпы ауданда жаға бекіту жұмыстары тоқтаған жоқ. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жаға бекіту жұмыстарына 6554 адам, 233 бірлік техника, 17 бірлік жүзу құралдары және 21 бірлік мотопомпалар жұмылдырылды.

Соңғы деректер бойынша, аудан орталығында су астында қалған үйлер саны 2798 құрап отыр. Сонымен қатар аудан төңірегінде облыстық маңызы бар Доссор-Құласары-Ақтау тас жолын су шайып кетті. Жылыой ауданынан 36 738 адам, оның ішінде 9 373 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 10 мыңнан астам төрт түлік мал қауіпсіз жерге көшірілді, - деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Зарина Арман
Бөлісу: