04.04.2024
12:41
1109
Атыраудағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Атыраудағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Жылыой ауданында полиция эвакуацияланған Қарағай ауылын бақылауда ұстауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

4 сәуір күні су тасқыны қаупі туындауына байланысты Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Қарағай елді мекенінің 156 тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшірілді. Эвакуацияға 4 автобус, 26 полиция қызметкері және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 17 қызметкері жұмылдырылды.

Ауылдағы қараусыз қалған тұрғын үйлерде қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін полиция тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.