Атыраудағы Шортанбай балық өңдеу зауытында жаңа цехтар салынады

15 Тамыз, 02:35 504

Атыраудағы балық өңдеу зауытын модернизациялау жобасы бойынша жаңа цехтар салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде зауыттың қуаттылығы 96 мың тоннаға артып, жылына 5 млн дана консервіленген балық дайындайды.

Қазір зауыттың мұздату цехы жұмыс істеп тұр. Бұдан басқа, ескірген ғимараттар толығымен сүріліп, балық өңдеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Модернизациялау жобасы бойынша зауыт аумағына балықтарды аулау, қабылдау және мұздату, консервілеу, балықты ыстықта қақтау, тұздау, қаптау, уылдырық және филе дайындау цехы мен механикалық цехтарды қамтитын 11 ғимарат салынады, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Балық зауыты 2025 жылдың аяғында іске қосылады деп күтілуде.

Зарина Арман
Бөлісу: