06.02.2025
15:01
1313
Атыраудағы мектепті полиция қоршауға алды

Атыраудағы мектепті полиция қоршауға алды

Атырауда Авангард ықшамауданындағы №3 мектеп-гимназиясын полиция қоршауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Атыраудағы Авангард ықшамауданында орналасқан №3 мектептің оқушылары сабақтан шұғыл түрде босатылды.

Оқушылардың айтуынша, мұғалімдер ғимаратта құбыр жарылғанын хабарлаған. Алайда ата-аналарға мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскені айтылған.

Қазіргі уақытта мектеп аумағы полиция қызметкерлерімен қоршалған. Оқушылар 12:25-те үйлеріне жіберілді. Полиция департаментінің мәліметінше, тексеріс жүргізілуде.