Атырауда жүргізуші көлігінен 70 келі бекіре балығы табылды

15 Қазан, 02:15 739

Атырауда тұрғынның көлігінен 70 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер “Бекіре – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында күдік тудырған Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөлік салонынан 5 полиэтиленді пакетке салынған салмағы 70 келі болатын 23 бекіре тұқымдас балық өнімі тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, “Бекіре – 2024” іс-шарасы басталғалы азаматтардан 900 келіге жуық заңсыз ауланған балық өнімі тәркіленді. 

Зарина Арман
Бөлісу: