Атырауда жол апатынан екі адам көз жұмды

15 Шілде 2023, 21:26 827

Атырауда 4 көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 шілде күні сағат 15:25 шамасында болған.

Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде 4 автокөлік соқтығысты. Төрт автокөліктің екеуі – жолаушылар тасымалдайтын «Daewoo» және «Youtong» маркалы автобус. Ал екеуі – Toyota Camry және Hyundai Elantra маркалы көліктер. Жол апатының салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Кәмелетке толмаған жасөспірім жолаушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өзге көлік құралдарының жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп,іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: