14.04.2024
21:16
962
Атырауда Жайық өзенінен белгісіз ер адамның денесі табылды

Атырауда Жайық өзенінен белгісіз ер адамның денесі табылды

Атырауда Жайық өзенінде суда ағып бара  ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, табылған мәйіттің нақты кім екені әзірге анықталған жоқ.

14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Жайық өзенінің "Атырау" ықшам ауданындағы жағасынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Қазір осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді департаменттің баспасөз қызметі.