01.02.2025
16:06
746
Атырауда жас жігіт көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Атырауда жас жігіт көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Атырауда полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 19 жастағы жігітті құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің шатырынан жігіттің өзін-өзі өлтірмек болғаны туралы полицияға оның әпкесі хабар берген.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды бақылауға алды. Олар жігітпен сөйлесіп, оны түсіруге көндіріп, трагедияның алдын алды, – делінген хабарламада.

Құтқарылған жас жігіт құқық қорғау органдарының тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.