06.09.2024
00:18
1267

Атырауда жанып жатқан үйден әйел құтқарылды

Атырау қаласында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға Атамұра шағынауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, қызыл жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Үйдегі жеке заттар жанған. Өрт сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар 1968 жылы туған әйелді құтқарып, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Өрт толығымен сөндірілді. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.