Атырауда жағалаудағы бөгеттерден құм салынған қаптар ұрланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы оқиға қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды. Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, 18 сәуір сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ұрлағандар ұсталды.
42, 32, 37, 38 жастағы төрт ер адам мен 34 жастағы әйел алдын ала ақылдасып, құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған
Олардың үстінен ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.