Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды El.kz.
«Облыс аумағында заңсыз көші-қон арналарын анықтау, шетелдіктерді заңсыщ жұмысқа орналастыру деректерін анықтау мақсатында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара кезінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік 30 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атырау қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты шетелдіктерді ел аумағынан тысқары шығаруға шешім қабылдады. Қазақстан Республикасындағы консулдық қызметінің күшімен 22 азаматқа «Өз еліне қайтару куәлігі» рәсімделіп, олар шекараға дейін арнайы ұйымдастырылған автобустармен жеткізілді. Анықталғандай шетелдіктер Атырау қаласына 2008 жылдары ешқандай құжатсыз қоныс аударып, тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар қатарына қосылған. Олардың қайыршылықпен айналысқаны белгілі болды», - дейді көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Әділжан Жаншин.
Тәжірибе көрсеткендей, заңсыз жүрген келімсектер көбінесе қылмыстық қол сұғушылықтың нысанына айналады. Кейде олардың өздері қылмыс жасайды.