05.08.2022
05:21
1240
Атырауда заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталды

Атырауда заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталды

Атырау қаласында тапсырыс бойынша құмар ойындарды ұйымдастырып жүрген екі ер адам сотталды, деп хабарлайды El.kz қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, екі дос былтыр тамыз айында заңсыз кәсіпті бастап кеткен. Екеуі сауна немесе пәтер жалдап, сол жерде заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырып отырды.

Сөйтіп, 2022 жылдың маусым айына дейін ақша тауып жүрді. Қаржы мониторингі агентігінің Атырау облыстық департаменті екі "бизнесменді" ұстап, сотқа тапсырды.

– Сот үкімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, - дейді депаратмент мамандары.