Атыраудағы ашық есік күні

6 Тамыз 2018, 05:58 2350

«Біріңғай республикалық медиация күні» аясында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің және Атырау қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен 3 тамыз күні, сағат 10:00 – 13:00 аралығында қала тұрғындарына әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған іс-шараға Атырау облысы бойынша ҚХА-ның төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Гүлмира Шакирова, «Нұр Отан» партиясы фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Джанглышев Ринат Бауыржанұлы, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жаннат Досқалиева, қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Кеңес Қосыбаев, сонымен қатар, Атырау қаласының кәсіби медиаторлары, Аналар кеңесінің мүшелері қатынасты.

Шараның мақсаты — Қазақстан халқы арасында бейбітшілік пен келісімді нығайту, әр отбасын сақтап қалуға барынша көмек көрсету болып табылады.

Күн тәртібінде Медиация жөнінде толығырақ мәлімет беріліп, «Медиация деген не?» «Медиация қалай жүзеге асырылады?» «Медиатор деген кім?» «Медиатор кім бола алады?» «Адам өміріндегі медиацияның маңыздылығы?» деген сұрақтарға кәсіби медиаторлар жауап берді. Ашық есік күнінде қала тұрғындары өздерінің толғандыратын мәселелерімен бөлісіп, ақыл – кеңестерін алды. Келген тараптардың өзекті мәселелердің басым көпшілігі — отбасылық жағдайлар, алиментті өндіру, ажырасу болып табылады.

Бөлісу: