10.05.2024
04:30
1600

Атырауда ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды

Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтеншеліктердің мәліметінше, бөгет салу жұмыстары жалғасуда. 

Кеше 9 мамырда Құлсары қаласында 8 989 текше метр еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр, жағдай бақылауда.