17.09.2024
15:34
950
Атырауда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Атырауда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде екінші қабаттан үш жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр дейді.

Оқыс оқиға 16 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болды. Бала алты қабаттан тұратын тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған. 2021 жылы туған бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, - деп жауап берді облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Фаруза Қайроллина.

Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.