29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыХ.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің апатты деп танылған жатақханасының бір бөлігі құлап қалды. Университет дерегінше, мұнда студенттер тұрмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, апатты деп танылған №2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған.
Университеттің шаруашылық бөлімі 2022 жылдың қараша айында № 2 жатақханадағы 1-қабатының қабырғасында ақаудың пайда болғанын анықтады. Осы жағдай анықталған соң мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жатақхананың техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияланды. 2023 жылғы 21 ақпандағы № 138 келісімшартқа сәйкес «PFA compani» ЖШС техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың апатты жағдайда екені расталды. Студенттердің бәрі басқа жатақханаларға көшіріліп, орналастырылды, — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек