02.05.2025
17:41
1030
Атырауда терезе арқылы ұрлыққа түскендер ұсталды

Атырауда терезе арқылы ұрлыққа түскендер ұсталды

Атырауда терезе арқылы үйге кіріп, бағалы заттарды ұрлаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар пластикалық терезелерді арнайы құралмен ашып, үй ішінен алтын бұйымдар мен әртүрлі валютадағы ақшалай қаражатты қолды қылған.

Үрлаған алтын бұйымдарды қаладағы бірнеше ломбардқа өткізіп үлгерген.Сондай-ақ олардың осындай тәсілмен жасалған тағы үш ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді.

Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.